2015 жылы Жалағашта балабақша мәселесі толық шешіледі

39

0

2015 жылы Жалағашта балабақша мәселесі толық шешіледіЖалағаш. 2015 жылдың соңына дейін аудандағы балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қамту 100 пайызға орындалады. 
Биыл Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылында 40 орындық, Ақсу ауылында 90 орындық жеке балабақшалар және Мәдениет ауылында 90 орындық мемлекеттік балабақша салынады. 
Білім беру саласындағы біраздан шешімін таппай келе жатқан мәселе кенттегі Т.Жүргенов атындағы №123 дарынды балалар мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы болатын. Бұл ғимарат құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. «Мектеп ғимараты алдымыздағы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Яғни жаңа оқу жылында балаларымыз жаңа мектепке баратын болады. 2014 жылы №114, 32, 33, 116, 188, 246 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар оқушылардың «Ақтерек» тынығу лагерін күрделі жөндеуден өткізіледі» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз