2016 жылы Қызылорда облысы толық газдандырылады

49

0

2016 жылы Қызылорда облысы толық газдандырылады2016 жылы Қызылорда облысы толық газдандырылады. Бұл туралы бүгін ҚР
Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

«Біз
ағымдағы жылдың ішінде Арал қаласын Қазалы ауданына қарасты Әйтеке би,
Шиелі, Жаңақорған және Қызылорда төңірегіндегі бірқатар елді мекенге газ
жүргіздік. Биыл «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ымен бірлесіп, жалпы сомасы 23
млрд. теңгені құрайтын жобалар жүзеге асырылды», – деді облыс басшысы.

Оның атап өтінше, келесі жылы өңірдің елді мекендерін газдандыруға 10,5 млрд. теңге қаржы бөлінетін болады.

«2016 жылы Жаңақорған, Тереңөзек, Жалағаш және
Қызылорда қаласында қалып отырған 120 тұрғын үйге газ жүргізуді
жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз негізгі елді мекендерді газбен
жабдықтау жұмыстарын аяқтайтын боламыз», – деді Қ.Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз