2018 жылы «Қытай-Еуразия» алтыншы ЭКСПО көрмесі өтеді

62

0

2018 жылдың тамыз айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы – Үрімші қаласында «Қытай-Еуразия» 6-ыншы ЭКСПО көрмесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Көрменің жалпы аумағы 140 мың шаршы метрді құрайтын болады. Онда кедейлікпен күрес, ерекше азық-түліктер, баспа өнімдері және тағы басқа да тақырыптарға арналған павильондар ашылады.

Жәрмеңке аясында сонымен қатар министрліктер деңгейінде 15 форум жоспарланған.

Бұның алдындағы ЭКСПО көрмелерінде ішкі жобаларды жүзеге асыру бойынша – 150 млрд доллар сомасына және сыртқы сауда жобаларына қатысты 30 млрд доллар сомасына келісімдер жасалған болатын.

Жәрмеңкенің ұйымдастыру комитеті бастығының орынбасары Хуан Саньпин «Қытай-Еуразия» ЭКСПО-сы Қытай мен еуразиялық елдер арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды алаңына айналғанын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз