ЖАС ШАРШЫ АЛАҢ ШЕБЕРЛЕРІ ЖАРЫСЫ

Бүгін Қармақшы аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде бокстан 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында еліміздің денешынықтыру және спорт саласына сіңірген елеулі еңбегі үшін «Құрмет белгісі» медалінің иегері атанған жерлесіміз Қуаныш Қаражанов атындағы жүлдені сарапқа салуға арналған VIII республикалық жарыс басталды.
Жарысқа Алматы облысы және Қызылорда, Байқоңыр қалаларымен бірге аймағымыздың барлық өңірінен келген12 командадан 130-ға жуық жас былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мажит Самитов пен «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген Құрметті спорт қайраткері» төсбелігісінің иегері Еркін Атабаевтар құттықтау сөз сөйлеп, жас шаршы алаң шеберлеріне сәттілік тіледі.
Міне, көрермендер асыға күткен жарыс та басталып, 30 келі салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шыққан қармақшылық Нұрперзент Назымбетов шиелілік қарсыласы Нұрәлі Аманжоловты 3 раунд бойынша өзінің ұтымды әдістері арқылы көп ұпай жинап, жеңімпаз атанса, 32 келі салмақта жұдырықтасқан Сырдариялық Алтынжан Жанғабылов Қармақшылық қарсыласы Серік Бердібековке есе жіберді. Одан әрі сол салмақта өнер көрсеткен қос Қармақшылық Мақсат Қуаншыбек пен Данияр Иманзада арасындағы кездесуде өзінің тапқырлық тәсілдерімен көрермен көзайымы атанған Мақсат жеңіске жетсе, келесі кезекте жас та болса тартысты жұдырықтасу өнерін көрсеткен шағындық жас боксшы Мардан Бағдатұлы мен ақайлық Асхат Жарылқасынов арасындағы кездесуде Асхат қарсыласын ұпай санымен жеңді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 мамыр 2018 г. 391 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031