Бүгін Қазақстанда ауа-райы жауын-шашынды болады

14 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, тек батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде ашық күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.


Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің күшеюі күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде жаолдамдығы 23-28 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылайды, желдің күші 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2018 г. 455 0