«Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Асқар Мұқанметжанұлы Нұрымжанов тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
Асқар Нұрымжанов 1972 жылы дүниеге келген. 1999 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын экономика және менеджмент мамандығы бойынша, 2009 жылы Алматы қаласындағы Халқаралық бизнес академиясының магистратурасын МВА бағдарламасы бойынша, 2015 жылы Халықаралық бизнес мектебін DBA бағдарламасы бойынша тәмамдаған.
 Еңбек жолын «Қазақтелеком» АҚ Есеп-саяси және ішкі аудит қызметінің жетекші маманы болып бастап, кейіннен Қаржы департаменті операциялау бөлімінің жетекшісі, 2003 жылы Қаржы департаменті директорының орынбасары, ал, 2006-2016 жылдары аралығында Ақмола облыстық Телекоммуникация дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.    

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2018 г. 396 0