Дэвид Бекхэм Британияның сән елшісі атанды

Британия сән кеңесі (BFC) атақты футболист Дэвид Бекхэмді президент етіп сайлады. Енді ол ресми сән елшісі қызметін атқарып, АҚШ-тан Азияға дейінгі кеңістікте өз елінің дизайнерлерін насихаттау жұмысын жүргізеді. Осылайша, әлем нарығына ықпал жасамақ. 
"Менің негізгі міндетім – Британия сән кеңесін(BFC) және барша фэшн-дизайнерлерді қолдау. Осы міндетті толыққанды атқара отырып, отандық сән үйлерінің АҚШ пен Қытай сынды ірі киім нарығында ұтымды сауда ж8ргізуіне септігімді тигізу", - деді Бекхэм  Vogue журналына берген сұхбатында. 
Бұл жұмысты жүзеге асыру жолында ең бірінші жасалатын дүние – білім беру. Жастар арасында сән өндірісіне деген қызығушылықты арттыра отырып, тегін оқуға мүмкіндік туғызуды алға қояды. Дэвид Бекхэм 2020 жылға дейін осы қызметті атқарады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2018 г. 408 0