Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жауып жатқан жаңбыр 17-19 мамыр күндері де жалғасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.  
«Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында төмен атмосфера қысымдары ауа райына ықпал етеді. Соған байланысты, аталған өңірлерде аздаған уақыт жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы батыста климаттық нормадан жоғары, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға жуық болады», - делінген хабарламада. 
Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне Батыс Сібірден арктикалық суық ауа ағындары жылжып келуіне байланысты күн суытып, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2018 г. 240 0