Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 22-24 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. "Бірақ солтүстік облыстардың кейбір жекелеген аудандарында аздаған жаңбыр болуы ықтимал. Республиканың шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шамалы жаңбыр болжанады. Қазақстанның шығыс жартысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батыс жартысында - нормадан 4-6 градус жоғары боп сақталады", - деді синоптиктер.
Сондай-ақ, "Қазгидромет" өкілдерінің мәліметінше, Атырау облысында 21-22 мамыр кезеңінде 37 градус ыстық болатындықтан дауылдық ескерту жарияланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 мамыр 2018 г. 594 0