21-ғасыр басындағы «Nokia 3310» телефондары қайта шыға бастайды

76

0

21-ғасыр басындағы «Nokia 3310» телефондары қайта шыға бастайдыАқпан айында Nokia брендімен құрылғылар шығару құқығына ие финдік HMD Global компаниясы классикалық Nokia 3310 телефонының жаңа нұсқасын таныстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Independent сайтына сілтеме жасап.
Жаңа нұсқадағы телефонның құны – 59 еуро. Ол осы модельді қайта аңсап жүргендердің екінші телефоны болады деп болжауда. «2000 жылы сатылымға шығарылған бұл телефон заманауи мобильді телефондар дәуіріне жол салды, қуаты ұзаққа жетеді және корпусы өте мықты», – деп жазды басылым. Газеттің хабарлауынша, телефон 27 ақпан-2 наурыз күндері Барселонада өтетін Mobile World Congress кезінде жұртшылық назарына ұсынылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз