Ашық есік күні

   «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында Қызылорда медициналық жоғары колледжіндет  ашық есік күнін өткізді. Мақсаты - құқықтық сауаттылықты дәріптеу, түрлі санаттағы халықтың пікірін тыңдап, заңнамалық сипаттағы сұрақтарға жауап беру, бірлесіп шешу. Халықты мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен еркін тілдесуге мүмкіндік қарастыру, азаматтардың өтініштерін қабылдап, бұзылған құқықтарын тиісті орындарға жеткізу. Сонымен қатар азаматтардың заңдық көмек алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ашық есік күніне облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ғ.Өмірзақов пен М.Өмірсеріков, жастар денсаулығы орталығының бөлім меңгерушісі А.Алдабергенова, Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Қ.Сексенбаева, заңгер маман арнайы шақырылды. Аталмыш шараға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларына түсінік берілді, құқықбұзушылық түрлері, қылмыстылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар, жастардың емдеу орындарынан тегін медициналық көмек түрлерін алу құқықтары егжей-тегжейлі айтылды. Қатысушылар да түрлі сала мамандарына өз сауалдарымен жүгінді. Мұндай шара ай сайын жалғасатын болады.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2018 г. 393 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031