214 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

86

0

214 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылдыЕлбасы Жолдауында экономикалық салаларға басымдық берілген. Оның ішінде Ұлт Көшбасшысы дамудың басты қозғаушы күші ретінде аграрлық секторға ерекше тоқталған. Жолдау аясында ауыл шаруашылығын жандандыру мақсатында нақты 6 тапсырма бергендігі мәлім. Аталған мақсат-міндеттерге өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Б.Жаханов кеңінен баяндап берді. 
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде облыс бойынша 214 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Жеке және қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен барлығы 19 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланған. Құрылған кооперативтерді қаржыландыру «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында биылғы жылы бөлінген 1765 млн. теңге қаржы есебінен жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Қызылорда филиалы арқылы 15 кооператив 933,5 млн. теңге қаржыға 5649 бас МІҚ алуға қол жеткізді.
Сондай-ақ, күріш жармасын сұранысы жоғары, қымбат нарықтарға шығару мақсатында «Ақтөбе и К» ЖШС-гі арқылы Иранда Торем Хошеми сортын биыл 100 гектарға егіп, 60 тн ақ күрішті экспорттау, 2020 жылға қарай күріш егісінің көлемін 5 мың гектарға ұлғайтып, Иран Ислам Республикасына 8 мың тонна күріш өткізу жоспарлануда. Иран Ислам Республикасы Сыр өңірінде өсірілетін күріштің «Новатор» сортына қызығушылық танытып, «Сыр Маржаны» ЖШС арқылы күрішті экспорттау мәселесіне байланысты жұмыстар да қатар жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыста бақша дақылын өндірістік негізінде егу көлемін ұлғайту арқылы, Ресейде сұранысы жоғары қауын сорттарын егіп, сыр қауынын экспорттау шаралары жалғасуда. Осындай ілкімді жобалар ауылшаруашылығының өзге де салаларында көрініс табуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз