Ел тарихын тұлғалар жасайды

 Биыл белгілі мемлекет және қоғам қай­раткері, Социалистік Еңбек Ері И.Әбдікәрімовтің туғанына 95 жыл. Осы орайда оқу орындарында түр­лі іс-шаралар ұйымдастырылуда. М.Ықсанов атындағы Қы­зыл­орда по­ли­­техникалық колледжінде өткен «Ел та­рихын тұлғалар жасайды» атты әдеби-та­нымдық кеш те қайраткер есімін ұлықтауға арналды. Оған Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың ғалым, профессорлары, білім басқармасының мамандары, әріптестері, И.Әбдікәрімовтің туған-туыстары, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Қонақтар алдымен қоғам қайраткері жайында арнайы дайындалған көрмені тамашалады. Әдеби кешті колледж директоры Бақыт Кенбаев ашып, шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Саналы ғұмырын туған елінің өсіп-өркендеуіне арнаған қоғам қайраткерінің өнегелі өмір жолын жастарға насихаттау басты парыз екенін жеткізді.

Жиында Қорқыт ата атын­дағы ҚМУ-дың профессоры Қ.Құдайбергенов Исатай Әбдікәрімовтің еңбек жолынан бастап, оның халыққа жақын­дығын,  қарапайым да кішіпейіл қасиеттері жайында әңгімеледі. Ал қарындасы Қалдыгүл Әбдікәрімова шараның жоғары дең­гейде өтіп жатқанын айтып, колледж ұжымына алғысын білдірді. 

Исатай Әбдікәрімов  1923 жыл­ғы 15 мамырда Жаңақорған ау­­­данының «Өзгент» ауылдық кең­есінде дүниеге келген. Қы­зыл­орда педагогикалық инсти­ту­тын, Қызылорда гидро­тех­ни­­кумын, қазақ ауыл­шаруа­шы­лық институтын, КПСС Ор­­та­лық комитетінің Жоғарғы партия мектебін тәмамдаған. Оқы­тушы, партия қызметкері, тех­ник-гидротехник, ауыл шаруа­­шылығы мамандықтарын ие­ленген азамат алғашқы еңбек жолын Жаңақорған ау­дан­­дық «Екпінді» газетінен бас­тайды. 1941-1945 жылдары майдан даласында ұрыстарға қатысып, полк­ командирі болды. Исатай Әбдікәрімов елге оралып, партия жұмысына белсене араласады. Облыстағы Шиелі, Қар­мақшы, Жалағаш аудандарын бас­қарып, 1972-1978 жылдары Қы­зыл­орда облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы, келесі жылы  республика Жоғарғы Кеңе­сі Президиумының төрағасы болды.

Мемлекет және қоғам қайраткерінің 95 жылдығына арналған кеш колледж өнер­паз­дарының концерт­тік бағдар­ламасымен қорытын­дыланды.


Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы».

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 маусым 2018 г. 827 0