Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Келесі айдан бастап Қазақстанда темекі тағы да қымбаттайтын болады. Бірінші кезекте, шылым құны бөлшек саудалар желісінде көтеріледі. Қазір ең арзан темекі 340 теңге тұрады. Бірақ 1 шілдеден бастап темекі өнімдеріне 20 теңгеден қосылады. Алайда, бұл қосымша баға мұнымен шектеліп қалмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТКарнасына сілтеп.


Келесі жылдан бастап, шылымға тәуелді қазақстандықтар темекі шегемін деп көп шығынға батуы мүмкін. Себебі, шенеуніктер темекі өнімдеріне бағаны екі кезеңде көтеруді көздеп отыр.

2019 жылы оншақты темекі маркасына 20 теңге емес, одан да көп қосылады. Осылайша, елімізде ең арзан темекі қорабы 380 теңгеден төмен болмайды! Айта кету керек, бір жылдың өзінде елімізде темекі құны орта есеппен 10 пайызға өсті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2018 г. 336 0