Әлемге танылған Димаш өнер академиясын бітіріп, диплом алды

Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік ғылымдар магистрі атанса, әлемге танылған Димаш Құдайберген бакалавр дәрежесін алды. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.


Кезекті еңбегінің жемісі жайлы Димаштың өзі желідегі парақшасында жазды.

“Ахмет Жұбанов атындағы колледжді “опера әншісі” мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. Бүгін, Қазақ Ұлттық өнер университетін “Эстрада вокалы” мамандығы бойынша бітіріп шықтым.


Осы 4 жылда маған сенім білдірген ата-аналарыма, университет ректоры – Айман Қожабекқызына және оқытушы – профессорлық ұжымға алғысым шексіз!” – деп бөлісті Димаш.


Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев пен “Музарт” тобының директоры Ерлан Жүнісбай Еуразия ұлттық университетінің магистратурасынтәмамдады. Қазақ елінің сүйікті әншісі әлеуметтік ғылымдар магистрі атанды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2018 г. 499 0