Жаңа спорттық кешен ашылды

  Жалағаш ауданының іргелі елді мекендерінің бірі Мәдениет ауылында облыс әкімінің қатысуымен жаңа спорттық кешеннің ашылу салтанаты өтті.

Спорт кешенінде бокс және күрес үйірмелері жұмыс жасайтын болады. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту жұмыстары да жоспарланып отыр.

Мәдениет ауылының көркін аша түсетін, халқына берер пайдасы мол, жобалық құны 187 млн. теңгенің жаңа спорт кешені облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы арқылы салынған.

Қазіргі таңда ауыл спортшылары республикалық, халықаралық турнирлерде, Қазақстан чемпионаттарында, Азия, және Әлем біріншіліктерінде ел намысын асқақтатып жоғары жетістіктерге жетіп келеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 маусым 2018 г. 326 0