Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстау облысында 1-3 шілде аралығында күн 43-46 градусқа дейін, Батыс Қазақстан облысында 40-43 градусқа дейін ысиды.

1-3 шілдеде Атырау облысының басым бөлігінде, ал 4 шілдеде кей аумақтарында 40-43 градусқа дейінгі ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысында 1-4 шілдеде 40-42 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Ақмола облысында 30 маусым мен 2 шілде аралығында солтүстік-батыстан оңтүстікке ойысқан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және күндіз тұман түседі.

Астанада 30 маусым - 2 шілде аралығында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан оңтүстікке ойысқан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Дауыл тұру ықтималдығы - 80-85%.

Қостанай облысында 30 маусым күні кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Кей жерлерде түнде және күндіз тұман түседі. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Қарағанды облысында 30 маусым күні кей жерлерде ауа райының температурасы 40 градусқа дейін жетіп, күн қатты ысиды. Кенет жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдығы - 95-100%.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 маусым 2018 г. 570 0