«КАЗТРАНСГАЗ» - ТИМУР ҚОЖАНИЯЗОВ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

«Евразия» спорт кешенінде Тимур Қожаниязовты еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир аяқталды. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған турнирге 8 команда 120 спортшы қатысып, жеңімпаз команда анықталды.
Турнир нәтижесінде «КазТрансГаз» командасы көш бастаса, екінші орынды облыс әкімінің аппараты, үшінші орынды «КазАэроНавигация» командалары иеленді.Жарыста «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Жеңісбек Алматұлы (Облыс әкімі аппараты), «Үздік қорғаушы» Сағдат Салмұрза (КазАэроНавигация), «Үздік шабуылшы Уәлихан Дүйсенбі (Ішкі істер департаменті), «Үздік ойыншы» Бағлан Әбдінағиев (КазТрансГаз), «Ең жас ойыншы» Қасымхан Балмағанбетов (Облыс әкімі аппараты), «Жасы үлкен ойыншы» Алтынбек Оспанов (КазТрансГаз), «Үздік төреші» Марал Әбдікеров марапатталды.Жеңімпаз, жүлдегер командалар диплом, медаль, кубок, ақшалай сертификаттармен марапатталса, үздік ойыншыларға арнайы естелік сыйлықтар берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 шілде 2018 г. 578 0