ЖАС ӨРЕНДЕРГЕ ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Елорданың 20 жылдығы қарсаңында сырбойылық 16 жастағы жеткіншектерге жеке куәлік салтанатты түрде табысталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен жастар ресурстық орталығы бірігіп ұйымдастырған шарада 16 азаматқа құжатпен бірге естелік сыйлықтар берілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тосынсыйға тап болғанның бірі – агротехникалық колледж студенті Қазбек Сәдуақасов.

– Астананың мерейтойына орай жеке куәлік алғаныма өте қуаныштымын. Астана және Қызылорда қалаларының төл мерекелерімен құттықтаймын. Еліміз ең озық мемлекеттердің бірі болуына тілекшімін. Бұған біз өз үлесімізді қосатын боламыз, - дейді Қазбек.

Жас өреннің ендігі арманы жоғары оқу орнына түсіп, ата-анасын арманын орындау.

   

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2018 г. 458 0