Ләззат Танысбай «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болып тағайындалды

Ләззат Танысбай «НҰР-Медиа» холдингіне басшылыққа келді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жаңа ғана «НҰР-Медиа» холдингінің ұжымына жаңа бас директорды таныстырдым. Бұл лауазымға белгілі журналист, телевидение саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер Ләззат Мұратқызы Танысбай тағайындалды. Бұрынғы атқарған лауазымдарында Ләззат Мұратқызы масс-медиа саласында дарынды маман және білікті басшы екенін айқындады.

Оның партиялық холдингтің жұмысына жаңа серпін беретініне және оның жаңғыртылуына әсер ететініне сенімдімін. Біз «НҰР-Медиа» жұмысын жаңа деңгейге шығаруды мақсат тұтып отырмыз. Ләззат Мұратқызы бұл міндетті атқарып кететініне сенімдімін. Ол сонымен бірге, «Астана» телеарнасындағы басшылықты жалғастырады», - деп жазды Мәулен Әшімбаев желідегі парақшасында.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 шілде 2018 г. 533 0