Беларусьте Роза Рымбаева жұлдызы пайда болды

 
Бүгін Витебскіде дәстүрлі "Славян базары"  өнер фестивалі басталған еді. Халықаралық байқауға Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген қазылық етеді.

Роза Рымбаеваның атаулы жұлдызы Витебскідегі Жұлдыздар алаңында салтанатты жағдайда ашылды. Бұл – Беларусьте Қазақстан азаматының атына қойылған алғашқы жұлдыз.


“Бүгін өте маңызды ауқымдағы оқиға болды – Витебскідегі Жұлдыздар алаңында 14-жұлдыз – Роза Рымбаеваның атындағы жұлдыз ашылды. Роза Рымбаева – Алла Пугачева, София Ротару, Тамара Гвердцители сияқты жұлдыздармен қатар өз жұлдызына ие болған тұңғыш қазақстандық”, – деп хабарлады Қазақстан продюсері Жан Мұқанов.


Салтанатты шара “Славян базары” фестивалі шеңберінде өтті.


“Мен мұнда Әміре псевдонимімен танымал Ернар Садырбаевты алып келдім, ол Қазақстанның атынан өнер көрсетеді. Қазір ол сахнаға шығады. Жарты сағаттан соң сайыскерлердің өнер көрсету реті анықталады. Барлығы 21 ел қатысып отыр. Кеше фестивальге Димаш Құдайберген, Әлішер Кәрімов, RINGO тобы келді, басқа да көп жұлдыз болды”, – деді ол.


“Славян базары” халықаралық өнер фестивалі Витебскіде 12-16 шілде аралығында өтетінін еске сала кетейік. Байқауда Әміре Нұрғиса Тілендиевтің “Құстар әні”, Раймонд Паулстың “Подбери музыку” әндерін және Моцарттың “Мен раушандардың үстіне ұйықтаймын” рок-операсынан үзінді орындайды.


baribar.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 шілде 2018 г. 157 0