Уақытша су болмайды

Құрметті қала тұрғындары! 
14 шілде күні сағат 00:00–ден бастап таңғы сағат 05:00-ге дейін «Нұрлы жол» бағдарламасымен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан ауыз су жүйелерін қолданыстағы жүйеге қосу жұмыстарына байланысты «Южный» мөлтек ауданы, Абай даңғылы-Панфилов және М.Шоқай-Панфилов көшелері қиылысында орналасқан ашып-жабу камераларында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. 
Осыған сәйкес аталған уақытта Тасбөгет қыстағы, СПМК-70, «Астан», «Сырдария», «Ипподром», «Арай», «Саяхат», «Сәулет», «Шұғыла» және қала орталығына ауыз су уақытша тоқтатылады.
Қала тұрғындарынан тұтынушылардан қажет көлемде ауыз су жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

"Қызылорда су жүйесі" МКК
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 шілде 2018 г. 281 0