Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді. Айта кетейік, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс күні болып белгіленген.  Ал 30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылған болатын. Нәтижесінде, демалыс күні 25 тамыздан (сенбі) 31 тамызға (жұма) ауыстырылып, қазақстандықтар Конституция күніне орай  30, 31 тамыз және 1, 2 қыркүйекте төрт күн қатарынан демалады. ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Дереккөз: 24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 шілде 2018 г. 401 0