Қазақстан логистика бойынша ЕЭО елдерін артқа қалдырды

Дүниежүзілік банктің тиімді логистика халықаралық рейтингінде Қазақстан алты сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

2018 жылы еліміз 71-орынға тұрақтаған. Алдымызда Латвия (70 орын) және бізден кейін Босния мен Герцеговина (72 орын) тұр. Ресей 75-орында, Беларусь – 103, Қырғызстан – 108, Армения – 92-орыннан көрінуде. Украина Қазақстаннан бес саты алдыда тұр (66-орында).

Айтылғандай, Қазақстан кедендік рәсімдеу мен жеткізу уақытының тиімділігі арқасында көрсеткішін жақсарта білген.

Германия, Бельгия, Австрия және Жапония рейтингте көш бастап тұрса, Ауғанстан, Ангола, Бурунди, Нигер және Сьерра-Леоне елдері ең соңында.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 шілде 2018 г. 364 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031