Мамандар 5G желісі Қазақстан үшін тиімсіз екенін айтты

5G технологиясын енгізу – қымбат жоба. Бұл туралы «Финам» компаниясы тобының аналитігі Алексей Коренев LS басылымына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мұның алдында мамандар күзде Қазақстанда 5G желісі енгізілетіні және оны қолдана алатын құрылғылардың қашан шығарылатыны туралы айтқан болатын.

«5G технологиясымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрылғылардың бағасы әзірге қымбат. Нақты бағасы өнімділік пен техникалық ерекшеліктерге байланысты болып отыр. Сол себепті, әзірге мұның Қазақстандықтарға қаншалықты қажеті бары түсініксіз. Оның үстіне қазіргі телефондар бұл желіні қабылдамайды. Ал алдағы уақытта құрылғылардың бағасы әдеттегідей арзандай түседі», - дейді Коренев.

Ол, сондай-ақ, амбициялардың толықтай жүзеге асырылатынын айтып өтті. Десе де, барлығы мерзім мен жұмсалатын ақшаға байланысты. Оның айтуынша, дәл қазір дамыған мемлекеттердің өзінде бұл жүйе жаңадан енгізіліп жатыр.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 шілде 2018 г. 405 0