ҰҚК Академиясы жиырмасыншы түлектерін шығарып салды

Бүгін ҚР ҰҚК Академиясында комитет төрағасы Кәрім Мәсімовтің, ұлттық қауіпсіздік органдары ардагерлері мен ата-аналардың қатысуымен курсанттарды шығарып салу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бітірушілерге «ұлттық қауіпсіздік лейтенанты» офицерлік атағы берілді. ҰҚК Төрағасы К.Мәсімов жас лейтенанттарға:


«Қазақстан қоғамындағы кіршіксіз адалдық және шексіз ерлік, жоғары кәсібилік, Отан алдындағы парыз жолында батыл және жанын қиюға дайын ҰҚК офицерінің бейнесі Сіздердің қызметтеріңізбен байланысты болады», - деп, ақ жол тіледі.   Кәрім Қажымқанұлы академияның профессорлық-оқытушылық құрамына, сондай-ақ кадрларды дайындауға, көпсалалы жоғарғы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қатысқан барша адамдарға  алғыс білдірді.


Іс-шара бітірушілердің салтанатты маршымен және «Мен қазақпын» әнінің орындалуымен аяқталды. 




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 шілде 2018 г. 440 0