
Компания аталған мақсаттарына жетіп, Азияға бастайтын жолды таба алмағанымен, Г.Хадсон ашқан жер Солтүстік Америка үшін сауда жолына айналды. Уақыт өте келе жаңа голландиялық аймақ ашылды. Онда отызға жуық отбасы Амстердамнан қоныс аударды. 1625 жылы аталған жерде жан саны көбейіп, Жаңа Амстердам атауы қалыптасып, үлкен қалалық мекен пайда болды.
1626 жылы Жаңа Нидерландының басшысы Петер Минейт жергілікті үндістермен тарихи келісім-шарт жасасты. Ол аталған аралдың бәрін сатып алуды ұйғарды. Сол кездегі ақшамен 60 гульденге (қазіргі ақшамен – 24 доллар) сатып алған. 24 долларға бағаланған арал «Манхэттен» деп атау алады. Бұл екі бірдей манна-хата сөздерінен шыққан атау.
Ал қазіргі таңда Манхэтен – Нью-Йорк қаласындағы ең қымбат аудан. Кезінде 24 долларға сатылған Манхэттен ауданының құны – 49 миллиард доллар.
Дереккөз: Massaget.kz