24 жасар кәсіпкер ара өсіреді

39

0

24 жасар кәсіпкер ара өсіредіЖаңақорған. Мұндағы сүйретпелі вагондардың іші толған ара. Түрлі бояумен сырланған араға арналған ағаш жәшіктері көз тартады. Бұл ауданға қарасты Өзгент ауылдық округінің тұрғыны Ядгаров Бабурдың «Би-қадыр» шаруа қожалығы. 
Орта мектепті бітіріп Түркістан қаласында заңгер мамандығы бойынша білім алған Бабур 2013 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 3 млн несие алып бүгінгі күні мал басын көбейтуде. «Кейін бал арасын өсіруді қолға алған ол Кентау қаласынан арнайы араларды алдыртып, «Би-қадыр» шаруа қожалығын құрып, ара шаруашылығын дамытуды қолға алған. Небәрі 24 жасар азамат балы тәтті араны баптап өсіруді жетік меңгерген секілді. Оның айтуынша өндірілген өнім әзірге ауыл тұрғындарынан артылмайтын көрінеді» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз