24 жылқы, 32 сиыр ұрлаған ұрылар қолға түсті

74

0

24 жылқы, 32 сиыр ұрлаған ұрылар қолға түстіҮстіміздегі жылдың қазан айында Қазалы ауданы, Мұратбаев ауылының тұрғыны осы ауданға қарасты «Елей» учаскесіндегі «Мақсым» шаруа қожалығынан белгісіз біреулер 10 бас сиыр мен 1 бас бұқаны ұрлап кетіп, жалпы құны 2 500 000 теңге көлемінде залал келтіргендігі туралы арызданған болатын.

Аталған арыз бойынша жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары барысында Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тұрғыны, 33 жастағы Ш.М. есімді азамат ұсталып, оның жеке үй ауласындағы мал қорасынан жоғалған 11 бас мал табылды.

Тексеру барысында ұсталған күдікті азаматтың мал қорасында басқа да малдар бар екендігі белгілі болып, ол малдар 2014 жылдың тамыз айында Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылының тұрғындарынан ұрланғаны анықталды. Табылған малдардың ауыл тұрғындарына тиесілі екендігі құжаттар негізінде дәлелденіп, иелеріне қолхат арқылы қайтарылды.

Айыпталушы бұл жасаған қылмысты өзінің таныстары 37 жастағы Ж.Ж. есімді, 35 жастағы Т.Н. және Е.Б есімді азаматтармен бірігіп, ұйымдасқан түрде жасағандығын айтып көрсеткен. Осыған байланысты, аталған азаматтар күдікті ретінде ұсталып, оларға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігі «б» және 2-бөлігі «а» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.

Тергеу, анықтау жұмыстары барысында айыпталушылардың 2014 жылдың тамыз айларында Қазалы ауданы, Жалаңтөс ауылы тұрғынының екі бас сиырын, қыркүйек айында далалықта жайылып жүрген 22 бас жылқысын қолды еткендері, соның нәтижесінде жәбірленушіге 6 500 000 теңге көлемінде шығын келтірілгені анықталды. Аталған арыз бойынша ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігі «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі таңда осы 4 адамнан (33 жастағы Ш.М., 35 жастағы Т.Н. және Е.Б., 37 жастағы Ж.Ж.) құрылған қылмыстық топтың барлығы 56 бас ірі қара малын, оның ішінде 24 жылқы, 32 сиыр малдарын ұрлағандары анықталып, айғақ заттар ретінде тәркілену жұмыстары жүргізілді. Аталған 10 ұрлық фактісі, оның ішінде 3-ші ауыр санаттағы мал ұрлығы қылмыстары бойынша және басқа да мал ұрлықтарын ашу мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз