Жәрмеңке өтеді

Осы сенбі күні, яғни 29 қыркүйекте Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай облыс орталығында Арал, Қармақшы, Сырдария,  Жалағаш, Жаңақорған ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Басталуы - сағат 9.00.
Жәрмеңке төменде көрсетілген орындарда ұйымдастырылады:
Арал ауданы – Тасбөгет кенті  (Орталық алаң)
Қармақшы ауданы – Журба көшесінің бойы ("Мерей" мөлтек ауданы)
Сырдария ауданы – Жанқожа батыр көшесінің бойы (Реалбаза жанында)
Жалағаш ауданы – Ә.Қашаубаев көшесінің бойы (Жетікөл көшесінің қиылысы)
Жаңақорған ауданы – Астана даңғылы (Е.Көшербаев көшесі мен А.Иманов көшесінің аралығы).
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қыркүйек 2018 г. 770 0