Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында, шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін күшейеді. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы  15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы  15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Карағанды облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2018 г. 119 0