"Болашақ" стипендиаттарының тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясын алған кезекті лектің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Стипендия иегерлерінің толық тізімін Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтынан көруге болады.
Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия шешімімен 142 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша әлемдегі жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарға оқуға жіберілетін болады.
Айта кетейік, 2018 жылға жалпы саны 555 стипендия бөлінген
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2018 г. 140 0