Қазақстандық ару «Miss Asia Pacific 2018» байқауында жеңімпаз атанды

«Miss Asia Pacific International 2018» халықаралық сұлулық байқауына қатысып жатқан Дидар Атмаджа қосымша конкурстардың бірінде жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық сұлу Дидар Атмаджа қазіргі таңда Филиппинде өтіп жатқан Miss Asia Pacific 2018 халықаралық конкурсында өнер көрсетуде. Оған 50 мемлекеттің - АҚШ, Латын Америкасы, Африка, Еуропа, Тынық мұхиты және Азия елдерінің арулары қатысуда. 14 қыркүйектен бері олар күн сайын түрлі номинациялар үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде. Аспаздық конкурсы, шомылатын киім киіп, тірі жыландармен және леопардтармен фотосессия, ұлттық киімдер дефилесі артта қалды.

25 қыркүйекте дарындылар конкурсы өтіп, онда қазақстандық ару үздік деп танылды.

«Мен Miss Asia Pacific International 2018 дарындылар конкусында жеңімпаз атанғаныма сене алар емеспін! Менің арманым орындалды, бұл әлем чемпионатындағы жеңіспен бірдей. Бал биін биледім. Өте бақыттымын! Маған қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңызға рахмет», - деп жазды Дидар Атмаджа Instagram парақшасында.

Конкурс жалғасуда. Енді 28 қыркүйекте кешкі көйлектер дефилесі және 4 қазанда гранд-финал өтеді. Онда басты титул мен тәж иесі белгілі болады. Бұдан бөлек, байқаудың сайтында көрермендер көзайымы номинациясы үшін дауыс беру жүріп жатыр. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2018 г. 213 0