ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды. Жиында «Қоғамдық келісім орталығы» КММ бөлім меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев пен Қорқыт ата атындағы ҚМУ құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Қаржаубаева басты құжаттың  маңызын тарқатты.
– Саяси құжатта айтылған мақсат-міндеттер түйінді мәселе­лердің шеші­луіне ықпал етіп, тұрақтылық пен табысқа бастайды. Оны әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы десек болады. Ең бастысы, елге бірлік пен ынтымақ керек. Елбасы айт­қандай, бірлескен күш-жі­гер­дің арқасында біз асуларды бағындыра аламыз, – деді С.Са­хиев.
Басқосуда Ләззат Қаржаубаева да пайымды пікірін ортаға салды. Келер жыл «Жастар жылы» ретінде жарияланғанын атап өтіп, мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына арналған түрлі бағдарламалар қарастырылып жатқанына тоқталды.
– Президенттің қай Жолдауын алсақ та, ел экономикасын көтерумен қатар жастардың жұмыспен қамтылуына баса назар аударылатынын байқаймыз. Білімді жастарды жұмыспен қамту бойынша қазір жүйелі жұмыс қолға алынды. Бұл ретте ел тұтқасы – жастардың әрбір Жолдауға ерекше мән беруі, іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысуы қажет. Сонымен қатар «Педагог мәртебесі туралы» заң – ұстаздар еңбегін бағалаудың көрінісі деп білеміз, – деді Л.Қаржаубаева.
Осылайша, спикерлер нақты­ланған бағыт-бағдарды іске асы­руда бірлесе жұмыс жасау қа­жеттігін алға тартып, Жолдауды бірауыздан қолдауға шақырды.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
Суретті түсірген:
Н.НҰРЖАУБАЙ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қазан 2018 г. 146 0