26 миллион теңге көлемінде шығын келтірген 2 азамат ұсталды

60

0

Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шаралары барысында жалпы құны 26 млн. 180 мың теңгені құрайтын алтын және бриллиант бұйымдарды қолды қылған 2 азамат ұсталды.
Оқиға 2017 жылғы 30 қаңтар күні қала орталығындағы сауда үйлердің бірінде орын алған. 22 және 23 жастағы 2 азамат алдын ала сөз байласа отырып, сауда үйінің жертөлесінің пластик терезесін итеріп ашып,  алтын бұйымдар сататын бутиктің терезесін сындыру арқылы кірген. Нәтижесінде аталған бутиктен жалпы құны 26 180 000 теңгені құрайтын алтын және бриллиант бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда екеуі де полиция қызметкерлерімен ұсталып, ҚІІБ-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз