264 дана атыс қаруы өтемді түрде қабылданды

48

0

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында 2017 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтемді түрде сатып алу акциясы жүргізіліп жатқаны белгілі.
Аталған акция қағидаларына сәйкес, атыс қаруын ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыруға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 15 миллион теңге бөлінді.
Акция басталған уақыттан бері тұрғындардан 264 дана атыс қаруы, оның ішінде 20 дана иір ойықты, 244 тегіс ұңғылы атыс қарулары қабылданды. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің  Әкімшілік полиция басқармасы республика аумағында өткізіліп жатқан акцияға азаматтар өз үлестерін  қосады деген сенім білдіреді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз