Қызылордалықтар қазақ күресінен республикалық турнирде 30 жүлдені иеленді

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер  арасында республикалық турнир өтті.
Турнирге Алматы, Шымкент, Байқоңыр қалаларынан Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 2004-2005 жылдары туылған 300-дей жасөспірім ұлдар мен қыздар 12 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде облыс спортшылары 7 алтын, 5 күміс, 18 қола медальдарды  иеленді.
Турнир жеңімпаздары: 38 келі: Мейіржан Ержігіт, 46 келі: Әділет Әлмахан, 50 келі: Сырым Рахметұлы,  60 келі: Нұрдәулет Сәдуақас, 44 келі: Зарина Мұратасыл, 48 келі: Дильназ Нұрмағанбет, 57 келі: Назым Амантаева.  
Күміс жүлдегерлер: 42 келі: Өркениет Идаятұлы, +66 келі: Саят Ысқақ, 44 келі: Гүлімхан Нәбиева, 48 келі: Аяулым Сәрсенова, 57 келі: Назым Бодан.
Қола жүлдегерлер: 35 келі: Әли Даниял, Тимур Бойко, 38 келі: Сырымбет Өскенбаев, 42 келі: Жарас Әбдірашит, Нұрсұлтан Хамит, 46 келі: Нұрдәулет Алдаберген, 50 келі: Әлішер Төлеш, 55 келі: Мейірбек Әлкебаев, Абзал Сәдібеков, 60 келі: Дулат Алматұлы, Досымжан Марат, +66 келі: Мұхамеджан Бейсенбай, Нұржан Әуесов, 44 келі: Қарақат Бақытқызы, Ақгүл Қуанышова, 48 келі: Диана Амангелді, Арайлым Мақаш, 57 келі: Аружан Амантаева.  
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер  диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2018 г. 80 0