ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН «САМҒАУ» СЫЙЛЫҒЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, саяси және қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады.
Ұйымдастырушылар:
- Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі.
Қойылатын талаптар:
14 пен 29 жас аралығындағы барлық қала жастары.
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады.
Сонымен қатар, өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады.
«Самғау» сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша қаланың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:
* өз саласы бойынша (білім, ғылым, өнер, мәдениет және спорт) жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін;
* әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
* мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
* жеке басының жетістіктері;
* аудандық, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы.
«Самғау» сыйлығы ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды.
Қызылорда қаласы жастарына арналған сыйлық он жасқа (сыйлық көлемі 100 000 (бір жүз мың теңге) тағайындалады және бір адамға екі мәрте сонымен қатар, осы уақытқа дейін осы сыйлықты алған жастарға қайта берілмейді.
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:
-бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2018 жылғы 14 желтоқсанға дейін);
-екінші кезең: «Самғау» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау (2018 жылғы 18 -19 желтоқсан);
-үшінші кезең: «Самғау» сыйлығының иегерлерін марапаттау  (2018 жылғы желтоқсан айы).
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығына үміткерлер мына төмендегі құжаттарды 2018 жылдың 14 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не (Қызылорда қаласы, қалалық мәдени және демалыс паркі) тапсыруы қажет:
 - жұмыс орнынан /оқу орнынан/, саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете отырып);
 - түйіндеме (қазақ және орыс тілдерінде жазылған, 3х4 фотосуретімен);
 -  өмірбаяны;
 -  жұмыс орнынан /оқу орнынан/ анықтама;
 -  орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
 - жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б.) /сканер арқылы жасалған көшірмелері/;
 - «Мен осы сыйлыққа неге лайықтымын?» тақырыбында қатысушы үміткерлердің өздерінің жетістіктері бойынша таныстыруы (таныстыру барысында пайдаланылатын слайдтарды көрсету әдісі қатысушылардың өз еркінде);
 - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралары жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары және басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;
 -  10х15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен);
 - жеке куәлігі (көшірмесі), тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама.
 - банкте есеп-шоты бар екендігін растайтың анықтама қоса ұсынылуы қажет (жеңімпаз болып таңылған жағдайда сыйақы көрсетілген есеп-шотқа 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін аударылады);
Құжаттар бекітіліп, беттеліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).
Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды және аталмыш байқауға деңгейлес өзге байқауларда жеңімпаз атанған жастар қатыса алмайды.  Ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
Қосымша ақпараттарды қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нен алуға болады.
Байланыс телефоны: +7 747 510 21 74, 26-42-45.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2018 г. 201 0