Жалағаштық прокурорлар төл мерекесінде марапатталды

6 желтоқсан - Прокуратура күніне орай Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қабылдады. 
Мемлекет билігі органдары жүйесінде прокуратураның орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілдігі бар бұл салаға Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау міндеттелген. Қазіргі таңда ауданда прокуратурамен қоса аудандық сот, ішкі істер бөлімі аудан әкімдігімен бірлесіп, әлеуметтік-саясаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелерін қатаң бақылауда ұстап келеді, - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Қабылдау барысында құқық қорғау саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекелік медалімен, ауданның Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Кездесуде 2016-2018 жылдың желтоқсан айына дейін аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған Ибраев Нұрлан сөз алып, ізгі тілегін білдірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2018 г. 193 0