Сыр спортшылары марапатталды

«Мұз айдыны» СК мәжіліс залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жылды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті.
Мәжіліс аясында басқарма басшысы Олжас Акимов 21 спортшыға спорттық атақтар беру туралы куәліктерді табыстады. Оның ішінде грек-рим күресінен «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағымен Ғабиден Райымбек, тоғызқұмалақтан Біржан Елеусінов, «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» - панкратионнан Саламат Қалжанов марапатталды.
Қалған спортшыларға спорт түрлерінен ҚР спорт шебері атағының куәліктері берілді.
ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалі еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Амановқа табысталса, он бір спорт маманына Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелік медалі берілді.
Сондай-ақ, Сыр спортын насихаттап жүрген журналисттер спорт басқармасының алғыс хаттарына ие болды.
Жыл қорытындысы бойынша үздік спорт¬шылар, үздік жаттықтырушылар, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен танылған қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды.
ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР
Парадзюдодан республика бойынша түңғыш Әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, байдарка және каноэде есуден III жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы Диас Бахраддин, байдарка және каноэде есуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Мерей Медетов «Жылдың үздік спортшылары» атанды.
ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген атаққа байдарка және каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков, әмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Нұрбек Жармаханов, облыстық Паралимпиялық комитетінің парадзюдо бөлімшесінің жаттықтырушысы Руслан Беркімбай лайық деп танылды.
ҮЗДІК СПОРТ БӨЛІМДЕР
Сондай-ақ, қалалық, аудандық спорт бөлімдері арасында Қызылорда қаласы бірінші орынды жеңіп алса, Жаңақорған екінші, Шиелі үшінші орындарды иеленді. Айта кетейік, Қызылорда қаласы осымен алтыншы мәрте жеңімпаз атанды.
ҮЗДІК СПОРТ МЕКТЕПТЕР
Спорт мектептері арасында 1-орынды №1, 2-орынды №2 және 3-орынды №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептері еншіледі. Айта кетейік, №1 спорт мектебі осымен сегізінші мәрте жеңімпаз атанды.
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай спорт саласы қызметкерлер арасында волейболдан Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогы өткізілген болатын. Жеңімпаз және жүлдегер командалар алқа мәжілісінде кубок, диплом, қаржылай сыйақымен марапатталды.
Басқарманың атқарылған жұмысына келетін болсақ, 2018 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 28,3 пайызға көтеріліп, 224 382 адамға жетті.
Биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 9 жоба іске қосылды.
Орталық стадионның жеңіл атлетикалық манежге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Спорт мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қала, аудан мектептеріне 8 автокөлік берілсе, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Жыл басынан бері облыс спортшылары Қазақстан, Азия, Әлем чемпионаттарына қатысып, 1500 медальдарды иеленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 700 медальға артты.
2 – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 8 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 62 - спорт шебері, 1073 - спорт шеберіне үміткер, 307 - І разрядты спортшылар дайындалды.
Спорт түрлері бойынша 470 облыс спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2018 г. 323 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930