Шеберлік сабағында шыңдалу

Өткен аптада қаладағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде елімізді әлемге танытып жүрген жерлесіміз 4 дүркін Қазақстан чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау секциясына қатысатын тәрбиеленушілерге шеберлік сабағын өткізді.

Сондай-ақ ол шеберлік сабағы барысында жыл өткен сайын мәнерлеп сырғанау секциясына қатысып жүрген жас спортшылардың шеберліктері шыңдала түскенін айтып, облыстың аға жаттықтырушысы Лариса Давыдованың болашақта ел намысын қорғайтын мықты спортшыларды тәрбиелеп жатқандығына алғыс білдірді.

Мұз айдыны ханшайымы Элизабет келесі жылдың ақпан айында Анахайм, Калифорния штатында (АҚШ) төрт құрлықты чемпионатқа, наурыз айының басында Красноярск қаласында (Ресей) студенттер арасындағы Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға және наурыз соңында Саитамада (Жапония) болатын Әлем чемпионатына қатысатын болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қаңтар 2019 г. 365 0