Сирияға соңғы күндері 1 мыңнан астам босқын оралды

Сирияға соңғы күндері Ливан мен Иорданиядан 1 мыңнан астам босқын оралды. Олардың 439-ы Ливаннан, ал 603-і Иорданиядан қайтып келген. 

Босқындар арасында әйелдер мен балалар көп. Ал Сирияның бірқатар аймағында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, тұрғындарға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Бірақ елдегі татуластыру процесіне қосылған елді мекендер саны ұлғая қойған жоқ. Оның саны 2 жарым мыңнан астам. Атысты тоқтату режиміне қосылған қарулы топтардың саны да өскен жоқ. Дегенмен лаңкестерден азат етілген аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары барынша жүргізілуде.



Дереккөз: 24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қаңтар 2019 г. 368 0