Синоптиктер қаңтардың 11-і күніне арналған ауа райы болжамын жария етті

Қаңтардың 11-і күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болып, батыста ғана күн жауын-шашынсыз.

Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болып, тұман түсіп, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін деген болжам бар.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2019 г. 125 0