Елімізде 1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлем жүйесі енгізілді

Елімізде 1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлем жүйесі енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz, "Хабар 24" арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Оның тиімді тұстары көп. Аталған төлемнің негізгі мақсаты – өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды, яғни "көлеңкеде жүрген жұмысшыларды" заңдастыру. Олар бір төлеммен төрт бірдей жарнаны жасай алады. Соның ішінде медициналық сақтандыру жарнасы, зейнетақы қорына түсетін төлем, жеке табыс салығы мен әлеуметтік сақтандыру жарнасы бар. Бірыңғай жиынтық төлемі ең бірінші жеке тұлғаларға қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылыққа, үй жұмыскерлеріне, сауда нысандарында арнайы орындары жоқ жеке тұлғаларға бағытталып отыр. "Аймақта осындай 9 мыңдай тұрғын бар", - дейді мамандар.
Тимур Төлепов,
облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы: 
- Бұл төлемдерді әр азамат екінші деңгейдегі банктерге барып, бір түбіртек арқылы төлем жасай алады. Егер де төлемдерге бөлетін болсақ, жеке табыс салығы 10%, 20% ол әлеуметтік аударым, 30% зейнетақы жарналары, 40% міндетті медициналық сақтандыру қорына аударылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2019 г. 252 0