Ата-аналардың балаларының жетістігіне қызығушылықтары жоғары

Бүгін Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар жиналысы өтті. Шараға 7-9-сынып оқушыларының ата-аналарына қатысты.
Алдымен ата-аналар жеке аудиторияларда сыныптың педагог-ұйымдастырушы-кураторларымен кездесті. Кездесуде бірінші жартыжылдық бойынша куратордың есебі тыңдалып, оқушылардың екінші тоқсандағы оқу үлгерімін сараланды. Сонымен қатар алдағы жопарлар таныстырылып, ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Содан соң ата-аналар балаларының жекелеген пәндер бойынша үлгерімі жайында мұғалімдердерден кеңестерін алды. Әдеттегідей педагогтар жаңадан келген 7-сынып оқушыларының ата-аналарына мектептің білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін таныстырып, оқушыларды бағалау жүйесі туралы ақпарат берді.
Жалпы жиналысқа барлығы 300-ден астам ата-ана қатысты. Мектеп ата-аналары өз балаларының оқу жетістігіне ерекше қызығушылықтарын танытатындықтарын көрсетті.
Екінші күні 10-12-сынып оқушыларының ата-аналары үшін мектепішілік жиналыс өткізіледі. Оқушылардың сабақтарға қатысу белсенділігі мен оқушының білім көрсеткіші жайында нақты ақпарат алумен қатар ата-аналар психолог пен кәсіби бағдар беру мамандарымен кездесті.
Ата-аналардың өз балаларының жан-жақты дамуы жайлы ақпарат алуына және мамандық таңдауға қатысты кеңестермен танысуға мүмкіндігі болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2019 г. 364 0