Жеке күзет ұйымдарының басшыларымен кездесті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде күзет қызметінің барлық түрімен айналысатын жеке күзет ұйымдары басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және  департамент  басшылығының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Аталмыш басқосудың мақсаты  - қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күресте бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру. Кездесу барысында департаменттің күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Жүсіпова Салтанат және  Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әбдібеков Дархан  баяндама жасады.
Жұмыс кездесуінің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуға полиция қызметкерлерінің жеке күзет ұйымдарымен бірлесіп, іс-шаралар өткізу жайлы мәселелер талқыланып, бірқатар тиімді шешімдер қабылданды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2019 г. 398 0