Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

 Сот үкімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де жарияланды. Үкімді судья Кеңшілік Әбділдинов оқыды.  

- Сот Арман Құдайбергеновті кінәлі деп тауып, оны 18 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы кесілді. Нұралы Қиясовты кінәлі деп тауып, оны 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін", - деді судья.  

Сондай-ақ сотталушы Жанар Толыбаева да төрт жыл бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейлі мекемеде өтейтін болады.  Оның жүктілігіне байланысты жазасын кейін өтеу сұралған, алайда судья кейінге шегеруді мақұлдаған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылардың 15 күн ішінде шағым түсіруге құқығы бар. Әсіресе Жанар Толыбаеваның адвокаты шағым түсіретіні жайлы айтты. Айта кетейік, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қаскөйлер қолынан қаза тапқан болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2019 г. 473 0