Елбасы «ақылды қаламен» танысып шықты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақкөл қаласына барып, "Smart Aqkol" жобасын іске асыру барысымен танысты. Бүгінде ол жерде арнайы аxуалдық орталықтан қаланың барлық инфрақұрылымы автоматты түрде басқарылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кеткен жөн, "Smart Aqkol" жобасын "Қазақтелеком" АҚ, Tengrilab және Еуразиялық топ іске асырды. Қалада 17,5 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, қоғамдық Wi-Fi және LTE желісі жаңартылды. Осының арқасында 100-ге жуық бейнекамера, 4500 су есептеу құрылғысы, 6000 электр энергиясын есептеу құралы, жол трафигі, өрт қауіпсіздігі, көшені жарықтандыру және басқа да құрылғылар бір орталықтан басқарылады.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2019 г. 417 0