Әліби – спорт шебері

Аралдық спортшы Әліби Болатұлы ауданның спорт тарихында тұңғыш рет әмбебап жекпе-жектен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізді. 

ҚР Мәдениет жә­не спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру коми­тетінің 2019 жылғы 8 қаң­тар­дағы №1 бұйрығымен жас спортшыға осындай жоғары дәрежелі атақ табысталып отыр. Жыл соңына дейін №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мек­те­бінің  тағы бір спортшысы халықаралық дәре­жедегі спорт шебері атағын еншілейді деп күтілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2019 г. 266 0