Елімізде алдағы күндері 35-40 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өзбекстандағы оңтүстік циклон алдағы тәулікте Қазақстанның орталық аудандарына ауысып, оңтүстік-шығыста, шығыста, орталықта және солтүстікте ауа температурасының жоғарлауына ықпал етеді. Бірақ, күн жылынғанымен, қар жауып, бұрқасын, екпінді жел соғады. Оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. Ал циклонның артынан орталығы Карск теңізінде орналасқан суық антициклон келеді. Сондықтан, күн жылынып, артынан қайта суытады. Түнде ауа температурасы солтүстік, орталық және шығыс облыстарда минус 35-40 градусқа төмендейді», - делінген хабарламада.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2019 г. 230 0